Экс-министр АЭС салуға қатысты пікір білдірді
Елімізде атом энергетикасын дамыту маңызды
Бұрынғы ұлттық экономика министрі, қазіргі KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әлібек Қуантыров Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, 2023 жылдың соңында Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел атанды. Қазір «Қазатомөнеркәсіп» заманауи атом электр станциялары үшін отын таблеткалары мен ядролық отын жинағын өндіреді.
Үкімет стратегиялық тұрғыдан атом энергетикасын көмір өндірісіне балама ретінде қарастырады. 2035 жылға қарай қуаттылығы 1,2 немесе 2,4 ГВт болатын бірнеше ядролық блоктарды салу жоспары мақсатымыздың жоғары екенін көрсетеді. АЭС салу бойынша референдумның оң нәтижесі Қазақстанның энергетика саласындағы елеулі серпілістің катализаторы болуы мүмкін. Бұл ғылым, жоғары білім, өнеркәсіп, құрылыс, медицина және энергетика сияқты түрлі салалардың дамуына ықпал етеді, - деді Әлібек Қуантыров Алматыда өткен New Vision халықаралық форумында.