×

«Үйге қайтатын уақыт келді». Еуропа елдері украиналық босқындарға жағдай жасаудан бас тарта бастады

Алғашқылардың бірі болып польшалықтар сыр берді

 Қанат Атаманов 07.06.2022 | 00:40
Фото: ашық дереккөздерден

Еуропа елдері арнайы әскери операция басталғалы бері 8 млн-нан астам украиналық босқынды қабылдағаны белгілі. Бұл елдер Украина азаматтарын құшақ жая қарсы алып, қолдан келген көмегін аяған жоқ. Дегенмен, батыс елдерінде украиналықтарға қатысты саясат «Қош келдіңіз»-бен басталып, «Үйге қайтатын уақыт келді» дегенге жетіп отыр.

Еуропа елдерінде украиналық босқындар үшін шексіз «Ашық есік саясаты» ұсталғаны рас. Босқындардың басым бөлігі әйелдер мен балалар болғандықтан оларға есігін айқара ашқан еуропалықтардың көпшілігі жанашырлық танытты. Дегенмен, уақыт өте келе еуропалықтардың босқындарға деген көңіл-күйі күрт өзгерді. Көші-қонның алғашқы толқыны кезінде Батыс елдерінің ақпараттық агенттіктері Еуропаның босқындардан шаршай бастағаны, олардың ел экономикасы үшін қосымша кедергілер тудырғаны туралы хабарламаларды жоққа шығаруға тырысқан болатын. Бірақ қазір батыстың БАҚ өкілдері бұл фактіні ашық түрде мойындай бастады.

Алғашқылардың бірі болып польшалықтар сыр берді. Себебі, ұжымдық Батыс бұл елге украиналықтарды орналастырудың негізгі ауыртпалығын жүктеген-ді. Rzeczpospolita басылымының жазуынша, Польша үкіметі 1 шілдеден бастап украиналық босқындарды PLN 40 (шамамен 600 рубль) күнделікті жалақысынан айырады. Жергілікті шенеуніктер бұл қадам арқылы украиндықтарды тезірек жұмыс табуға ынталандырмақ. Шамасы, украиналықтар үшін поляк көлігінде тегін жол жүрудің күшін жою дәл осындай себептерге байланысты.

Еуропалықтардың мұндай саясаты тек Польшамен шектелмейді. Қазір Германияда босқындарды қабылдау ережелеріндегі өзгерістер белсенді талқылануда. Интернетте 7,5 мың еуродан жоғары автокөлік иелеріне жәрдемақы берілмейді деген қауесет таралуда. Мұны бірқатар БАҚ өкілдері жоққа шығарса да, Германияда мұндай ережелерді енгізудің заңды негіздері бар.

Болгария елі де украиналық босқындарға қолайлы жағдай жасаудан бас тартты. Бұл елде курорттық маусымның басталуына байланысты босқындарды жағалаудағы қымбат қонақ үйлерден елдің ішінде орналасқан түрмелерге немесе концлагерьлерге ұқсайтын мемлекеттік базаларға жаппай көшіру басталды. Қонақ үйдің жайлылығына үйренген қонақтар арасында бұл шешімге қатысты жаппай наразылық туындап, украиндықтар арасында тәртіпсіздіктер тууда.

Сонымен қатар, соңғы күндері босқындар мен еуропалықтар арасындағы жеке қақтығыстардың өсуі немесе украиндықтарды орналастыру үшін тұрғын үймен қамтамасыз етудің пайдакүнемдік себептері туралы хабарламалардың саны арта түскен. Украинадан келген иммигранттар еуропалықтардың суды, электр қуатын, жылуды шамадан тыс үнемдеуіне үйренісе алмай келеді. Қабылдаушы тараптардың қонақтарды күтіп ұстау шығындарына дайын емес екеніне көздері жетіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама