Астанада әуежай мен вокзал күшейтілген режимде жұмыс істейді
Нысандар қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған
Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінің аясында әуежай мен вокзалдар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Астанада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты халықаралық әуежай күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Тұрақты рейстердің ұшу кестесі жоспарланған.
Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымының өтуіне байланысты вокзалдар күшейтілген, ал теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Бүгінде Астана-1 вокзалынан 23 бағыт бойынша тәулігіне шамамен 11 мың жолаушы, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалында тәулігіне 8 мың жолаушы 19 маршрут бойынша тасымалданып жатыр.
Вокзалдар кешенді қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.