ТЖ салдарын жоюға компания жауапты
Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Екібастұз әкімдігі Energy Solutions Center компаниясындағы авариялық жағдайға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл кәсіпорын «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы және Екібастұз жылу энергия орталығын басқарып отыр.
Екібастұз қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысында ЖЭО аумағындағы апатты жағдайға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау жөнінде қабылданған шешімнің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Energy Solutions Center ЖШС-де болған аварияға байланысты Екібастұзда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Energy Solutions Center ЖШС бас директоры Айдарбек Кыстаубаев тағайындалсын, - деп жазылған хабарламада.
Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.