Америка басшысы Азиядан күн батареяларын импорттауды баждан босатуды ұзартты
Дүйсенбіде Америка құрама штаттарының президенті Джо Байден электр қуатын өндіретін қуаттардың жетіспеуіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізді.
Сонымен қатар, Америка басшысы Азиядан күн батареяларын импорттауды баждан босатуды ұзартты.
Ақ үйдің мәлімдемесінде Джо Байден өзінің Жарлығымен қорғаныс өндірісі туралы Заңның таза энергетикалық технологиялардың (күн батареялары - ред.) ішкі өндірісін ұлғайту үшін қолданылуына рұқсат бергендігі айтылған.
Энергетика министрі Дженнифер Грэнхолм бұл шешімге түсінік бере отырып, АҚШ-тың таза энергетика саласындағы тәуелсіздігін қалпына келтіру қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша бұл саладағы жеткізілім тізбегі шетелдік көздер мен дұшпандық танытып отырған ұлттарға тәуелді.