Ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі
Синоптиктер шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазгидрометтің хабарлауынша, шілденің алғашқы он күнінде республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай ойнайды және қатты жел соғады.
Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Алғашқы он күннің соңында және екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігіне күн ыстық болады. Айдың екінші және үшінші онкүндігінде шілденің ыстығы сәл басылып, салқын болады, найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады әрі қатты жел және шаңды дауыл соғады, - деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасының ауытқуы болжанады: