Halyq Uni логотип
×

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың мәйіті Өскеменге жеткізілді

Олардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды

 Динара Амантай 01.07.2024 | 09:40
Қырғызстанда қаза тапқан балалардың мәйіті Өскеменге жеткізілді
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қырғызстанда қаза тапқан балалардың мәйіті Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қырғыз Республикасы Ош облысының Ноокат ауданында болған сел тасқыны салдарынан қаза тапқан ауыл тұрғындары мен туристер арасында Шығыс Қазақстан облысынының балалары да бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған.

Бүгін олардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама