Алматы облысында туристер құтқарылды

Дәурен Ерболат

Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқару операциясы 5 сағатқа созылды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында тауға шыққан туристер құтқарылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

5 турист тауға шығып, өз күшімен түсе алмаған. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласы құтқару қызметінің мамандары дереу жетіп, іздестіру жұмысын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде 19-20 жастағы туристер аман-есен табылды.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмысы 5 сағатқа созылды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болмаған.