×

Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шықты

Өрттен зардап шеккендер жоқ

 Халық үні 01.07.2024 | 08:44
Фото: ТЖМ

Қызылорда қаласында қалалық орталық емханадан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ. 

Төтенше жағдайлар қызметіне сағат 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-ші қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті. 

Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама