Павлодар облысында да полицей өзіне оқ атты
Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Павлодар облысы Ертіс ауданында сержант өзіне қол жұмсамақ болды. БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 29 маусымда полицейдің үйінде болған.
Осы факт бойынша тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал дәрігерлер полицейдің жағдайы ауыр екенін айтты.
Науқас жансақтау бөлімінде, комада жатыр. Жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр, - деді Павлодар қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 24 маусымда Батыс Қазақстанда полиция қызметкері өзін жаралап алған. Араға үш күн салып ол қайтыс болды.