Қару Алматы қаласы мен Ақтөбе облысында анықталған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесу туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Комитет қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Мәселен, биылғы жылғы 28 маусымда ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғындардың бірінің үйін тінту кезінде 21 атыс қаруын, оның ішінде 2 Калашников автоматы, 8 тапанша, 11 мылтық, жарық-шу гранатасын, түтін бомбаларын, рацияларды және түрлі калибрлі 581 оқ-дәріні тәркіледі, деп мәлімдеді ҰҚК.
Осы күні Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтың 2 жасырын орнын анықтады. Гранатомет, Калашников автоматы, винтовка, 4 мылтық, 2 тапанша, түтін гранатасы мен әртүрлі калибрлі 248 оқ-дәрі тәркіленді, – деп толықтырды ведомство.
Іс-шаралар прокуратураның үйлестіруі және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттестікте іске асырылды. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері 24 халықаралық және 17 аймақтық есірткі жеткізу арналары жойылды. Киіз үйде түсірілген видеоны ҰҚК тексеруі керек – депутат.