×

Павлодар облысында үш адам суға батып кетті

Жас жігітті іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр

 Халық үні 29.06.2024 | 07:51
фото: istockphoto.com

Павлодар облысында екі жасөспірім көлге батып кетті. Ағайындылар – 11 және 13 жаста. Сондай-ақ Павлодардағы орталық жағажайға шомылуға барған студенттің денесі су астында қалды. Жас жігітті іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Қайғылы оқиға түнгі сағат бірдің шамасында Торайғыр көлінде болған. 

28 маусым күні сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған ағайынды екі жігіт суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кетті. 2013 жылы туған жасөспірімнің денесі судан шығарылды, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Төрт сағаттан кейін құтқарушылар екінші баланың денесін тапты. Қаланың орталық жағажайында суға батып кеткен жас жігітті іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Жас жігітті іздеуге 10 құтқарушы мен 4 су көлігі жұмылдырылды, - деп жазды өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама