16 жастағы екі жасөспірім қой бағуға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы жедел құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 техникасы және 1 кинологиялық есеп қызметі, Түркістан облысы ТЖД-нің 14 қызметкері мен 3 техникасы, 2 пилотсыз ұшу аппараты, полиция департаментінің 33 қызметкері жұмылдырылды.
Сондай-ақ ТЖМ қарасты «Қазавиақұтқару» мекемесінің еврокоптер тікұшағы мен жергілікті тұрғындар және еріктілер тартылды.
Құтқарушылардың күшімен 28 маусым күні сағат 16:00-де жоғалған жасөспірімдер «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағынан табылды. Медициналық көмек қажет етпеді. Жасөпірімдер Таукент ауылының маңындағы штабқа тікұшақпен жеткізілді, - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.