Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандар жауапқа тартылды
ТЖМ ескерту жасады
Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайларында кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Рейд барысында демалушыларға жадынамалар тапсыра отырып, судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, қалалық жағажайларды патрульдеу кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген Тжм хабарламасында.
Сондай-ақ түнде шомылатын азаматтарға 30 әкімшілік хаттама толтырылды.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.