Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Астана қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері табиғи ресурстарды заңсыз өндіру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер құқықбұзушылық жасауға қатысы бар адамдарды анықтады. Күдіктілердің арнайы техниканың көмегімен топырақты қазып, тиеп, одан әрі қаладағы құрылыс алаңдарына жеткізгені белгілі болған. Қазір 15 күдікті анықталып, 7 көлік коммуналдық тұраққа қойылған.
Аталған факті бойынша жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.