Halyq Uni логотип
×

Кісі өлтіруге оқталған күдікті Кореядан экстрадицияланды

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды

 Динара Амантай 27.06.2024 | 16:06
Кісі өлтіруге оқталған күдікті Кореядан экстрадицияланды
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің көмегімен кісі өлтіруге оқталған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған азамат 2022 жылдың наурызында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде күдікті қарсыласының кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген және биылғы маусымда сонда ұсталған. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кетсек, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттың болуының арқасында мүмкін болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама