АЭС бойынша референдум биыл күзде өтеді – президент
Экономиканы дамыту үшін АЭС салу маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде АЭС бойынша референдум өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің пікірінше, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек.
Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды - деді Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде.