×

Прокуратура «Eco Almaty» директорын жауапқа тартты

Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау кезінде бұзушылықтар анықталды

 Динара Амантай 27.06.2024 | 11:52
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы сотта азаматтық істерді қарау нәтижелері бойынша Алматыда жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау кезіндегі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалада ағаштар автокөліктерге, әсіресе азаматтарға зиян келтіре отырып, жауын-шашынды және желді ауа райында құлауы жиі кездесетінін талдау көрсетті. Аталған фактілер адамдарды, келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу және автокөліктерді қалпына келтіру мақсатында сотқа жүгінуге мәжбүрлейді.

2023 жылдан бастап соттар азаматтардың 51,3 млн теңгені өтеу туралы 32 талап-арызын қарады. Бұл ретте бюджеттен 31,2 млн теңге өндірілген.

Прокурорлар, жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша көзделген шаралар тиісті түрде қабылданбағанын анықтады. Кешенді түгендеу және орман патологиялық зерттеу, сондай-ақ мәліметтерді тиісті базаға енгізу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген.

Аталған факті бойынша Медеу ауданының прокуратурасы заңбұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша «Eco Almaty» ЖШС директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Апатты ағаштарды анықтау жөнінде қосымша шаралар қабылданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама