×

Төмен тариф кәсіби жүргізушілерді тартуға мүмкіндік бермейді

Алматы тасымалдаушылары жол жүру тарифінің төмендігі жүргізушілердің тапшылығына әсер етеді деп есептейді 

 Динара Амантай 27.06.2024 | 11:04
Фото: Halyq Uni

Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығының мәліметтері бойынша, Алматы тасымалдаушыларына кәсіби жүргізушілер тапшы. Бүгінде жетіспеушілік шамамен 1000 адамды құрайды. Мұның бір себебі-қоғамдық көлікте жол жүру ақысының төмен болуы.

«Думан Транс KZ» ЖШС автобус паркінің директоры Талғат Исабаевтың айтуынша, оның оның автопаркінде 40-қа жуық жүргізуші жетіспейді.

«Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі. Жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету – әрбір қалалық автобус тасымалдаушысы үшін басты міндет. Бұл ретте жүргізуші құрамының жетіспеушілігі байқалады. Біз адамдардың осы мамандыққа деген қызығушылығының төмендегенін байқаймыз. Бұл, алдымен жалақы деңгейіне, сондай-ақ жүктелген жұмыс кестесіне байланысты. Жүргізушілерді тарту үшін тасымалдаушылар үнемі жалақыны көтеруге ұмтылады, алайда қолданыстағы тарифпен бұл өте қиын, – деп атап өтті Талғат Исабаев.

Өз кезегінде «Мадина» ЖШС автобус паркінің директоры Бекежан Тынышықбай 2015 жылдан бастап жүргізушілердің жалақысы 150 мың теңгеден 450 теңгеге дейін өскенін, ал жол жүру тарифі өзгеріссіз қалғанын атап өтті. 

Бірақ бұл жалақы енді бәсекеге қабілетті емес. Жалпы жүргізушілердің тапшылығын ескере отырып, біз іс жүзінде қоғамдық көліктің жұмысын тоқтатпау үшін қаражат іздеуге және оларға қосымша ақы төлеуге мәжбүрміз. Қала тұрғындары да, әкімдік те жолаушылардың қауіпсіздігі жүргізушілердің кәсібилігіне, олар жұмыс істейтін және демалатын жағдайларға байланысты екенін түсінуі керек. Сондықтан автопарктер жүргізушілерге неғұрлым тартымды жағдайлар ұсына алатындай ағымдағы тарифті қайта қарау қажет деп санаймыз, – деп есептейді автопарк басшысы.

Еске салсақ, бүгінде жол жүру құны қолма-қол ақшасыз төлем кезінде – 100 теңге және қолма-қол ақшамен – 200 теңге. Өткен жылы тариф 11 жылда алғаш рет 20 теңгеге көтерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама