×

Жамбыл облысында балабақша басшысы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

 Динара Амантай 27.06.2024 | 10:05
Фото: Жамбыл обл. прокуратураның баспасөз қызметі

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Балабақша басшысы бюджет қаражатын іс жүзінде тәрбиелеу қызметін алмаған балалар үшін алған.

Алаяқтық фактісі бойынша қала прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, оның тергелуі Жамбыл облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Тараз қаласы №2 сотының 2024 жылғы 14 маусымдағы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама