Halyq Uni логотип
×

#НеМолчиKZ жетекшісі қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды

Алматы қаласының Полиция департаменті құқық қорғаушының үстінен жалған ақпарат таратқаны үшін 4 қылмыстық іс қозғаған

 Қанат Атаманов 06.06.2022 | 20:30
#НеМолчиKZ жетекшісі қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды
фото: Ашық дереккөздерден

Қоғамдық қордың негізін қалаушы Дина Таңсәрі ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-тармағы («Жеке өмірге қол сұғылушылық») бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Дина Таңсәрінің адвокатына берген ресми жауабында айтылған.

«Медиазона» сайтындағы дерекке сәйкес, 2020 жылдың қаңтарында Дина Таңсәріге қарсы қозғалған «Көрінеу жалған ақпарат таратуға» (ҚК 274-бабының 2-тармағы) қатысты іс осы тергеуге қосылған.

17 мамырда Дина Таңсәрі «Медиазона» редакциясына Қызылордада 2-сынып оқушысының зорланғаны жайлы Facebook-тегі жеке парақшасындағы жазбасынан кейін қылмыстық іс бойынша куәгер болғанын айтты. Дегенмен, тергеуді бастау туралы ресми рұқсат Дина Таңсәріге берілмеген.

Бұған дейін Алматы қаласының Полиция департаменті құқық қорғаушының үстінен жалған ақпарат таратқаны үшін4 қылмыстық іс қозғаған. Бұл ақпаратты Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол мұны «қорқыту» деп атады.

Полиция қылмыстық іске байланысты ресми мәлімдеме жасамаса да, қор басшысын бірнеше рет тергеуге шақырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама