Талдаушылар Kaspi брендінің танымалдығын және бірегей бизнес стратегиясын атап өтті
S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін халықаралық өлшем бойынша «ВВ+»-ке дейін және банктің рейтингін ұлттық өлшем бойынша «kzAA+»-ға дейін көтерді.
Біз тағы да халықаралық рейтинг агенттігінің жоғары бағасын алдық. S&P талдаушылары көптеген жылдар бойы біздің компанияның дамуын бақылап келеді. Агенттік Kaspi.kz-тің бірегей және табысты бизнес стратегиясы бар екендігін атап өтті. Бұл – командамыздың Қазақстандағы жұмысының нәтижесі. Бізге 14 миллионнан астам қазақстандық және 700 мыңға жуық серіктес сенім артады. Олардың көпшілігі – шағын және орта бизнес компаниялары. Бізбен бірге болғаны үшін әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз! – деді Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.
S&P өзін жақсы жағынан танытқан клиенттік базаны және Kaspi брендінің танылуын, сондай-ақ бизнес құрылымын стратегиялық дамытудың оң тәжірибесін атап өтті
Талдаушылардың пікірінше, Kaspi-дің қаржылық көрсеткіштері салыстырылатын компаниялардың көрсеткіштерінен асып түседі. Рейтинг сонымен қатар Kaspi-дің бизнес құрылымы, тексерілген стратегия, сондай-ақ нарықта берік орнығуы компанияның тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген болжамды көрсетеді. Болжамды жоғары пайда көрсеткіштері Kaspi-ге стрестік жағдайда тұрақтылықты арттыру үшін жеткілікті резерв көлемін құруға көмектеседі және көптеген салыстырмалы компанияларға қарағанда жоғары тәуекелдерді жеңуге мүмкіндік береді.
Kaspi.kz-тің миссиясы – сүйікті клиенттердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер жасау. Инновацияның түпқазығы – бұл 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланатын еліміздегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы.
Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар төлем жасап, ақша аударады, өз қаржысын басқарады, ұшақ және т/ж билеттерін сатып алады, тегін жеткізу қызметімен заттарды тиімді онлайн сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады. Сондай-ақ бизнес үшін де Kaspi.kz үздік Kaspi Pay қосымшасын шығарды. Оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады.
Бүгінде Kaspi.kz – акциялары Nasdaq америкалық қор биржасында сатылатын әлемдегі ірі қаржытех компаниялардың бірі. Harvard Business School Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды. Бұл материал бойынша магистратура студенттері оқиды.