×

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы: күдікті қамауға алынды

 Халық үні 27.06.2024 | 07:21
фото: әлеуметтік желіден

Алматыдағы жол-көлік оқиғасына себепкер делінген адам қамауға алынды, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп атап өтті Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев.

Еске сала кетейік, кеше Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында орын алған адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама