Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке ілінді

Оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында болған 

 Халық үні 26.06.2024 | 23:36
Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке ілінді
Фото: depositphotos.com

Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке алынды. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ақмола облысы Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

«Сіздің сауалыңызға зорлау дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Күдіктінің кім екені анықталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Желідегі жазбада оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында түнде Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орталығында болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама