×

Алматыда өтетін классикалық ұшқыр бәйге аясында электромобиль ойнатылады

Бәйгеге 81 жылқы қатысады

 Динара Амантай 26.06.2024 | 17:09
Фото: Мейірбек Тажқұранов

2024 жылдың 29 маусымында Qazaq Jockey Club Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Алматы қаласының ипподромында жүлде қоры 11 млн 900 мың теңге болатын классикалық ұшқыр бәйге өткізеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қатысушылар қашықтыққа байланысты бәйгенің 10 түрі бойынша жүлделерді сарапқа салады. Ал басты бәйге – Keeneland Kazakhstan Oaks жүлдесі, яғни 2400 метр қашықтыққа жарысатын үш жасар асыл тұқымды байталдар арасында болмақ. Ат жарыстың бұл түрі Қазақстанда 1974 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Бәйгеге 81 жылқы қатысады. Ал көрермен қауым үшін ең қызықты сайыстар үлкен жастағы аттар арасындағы, 2400 метр қашықтық бойынша «Элита» жүлдесі, сондай-ақ «Алтын миль», «Арагон», «Отан» жүлделері болмақ.

Бәйге жартылай таза қанды жылқыларға шабатын жасөспірім шабандоздардың ат жарысынан басталады. Сайыстың бұл түрі жас жокейлердің шеберлігін шыңдай мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сонымен қатар ат жарыс билеттері арқылы BYD электромобилі және түрлі смартфондардың ұтысына қатысуға болады.

Билеттерді https://ticketon.kz/ сайтынан ала аласыздар. Бағасы – 3000 теңге.

Ипподром мекен-жайы: Алматы қаласы, «Құлагер» шағын ауданы, Омаров к-сі, 10 «а»

Бәйгенің басталу уақыты: 2024 жылғы 29 маусым, сағат 15:00

Байланыс үшін: +7 778 133 7074 (Жазира)

Серіктес жаңалықтары

Сараптама