Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысуы салдарынан 16 адам жарақаттанып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға Алмалы ауданында 14:20-да болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, «City bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Кейіннен кедергіге соқтығысқан, – делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апаты салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгініп, бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.