Halyq Uni логотип
×

Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 1 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 26.06.2024 | 15:52
Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 1 адам қаза тапты
Фото: t.me/zakonkz

Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысуы салдарынан 16 адам жарақаттанып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға Алмалы ауданында 14:20-да болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, «City bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Кейіннен кедергіге соқтығысқан, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апаты салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгініп, бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама