«Адамдар 40 жыл күтті»: СҚО-да ескі шағынаудан сүрілуде
Барлығы 2,8 мың пәтерлік 27 үй жобаланды
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында «Қопай» шағынауданын салу бойынша үлкен жоба басталды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.
Адамдар бұл жобаны ұзақ күтті. Сүру жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы 117 ескі үй бұзылады. Бұл дегеніміз 117 отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын едәуір жақсартады. Биыл мұнда тоғыз қабатты 9 үйдің құрылысы басталады. Барлығы 2,8 мың пәтерлік 27 үй жобаланды. Жаңа шағынауданда барлық қажетті әлеуметтік инфрақұрылым болады. Балабақша, мектеп және емхана саламыз», - деп жазды облыс әкімі.
«Орталық» шағынауданының құрылысы 924 пәтерге арналған 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын қамтиды. Мұнда үш жаңа үй бой көтерді. Жалпы 120 ескі жеке үй бұзылды. Мектеп салынып, балабақша мен спорт кешенінің құрылысы жоспарлануда. Коммерциялық үй құрылыстары жобаланып жатыр. Сонымен қатар, шағынаудан картасында университетке арналған үш жатақхана пайдалануға беріледі.
Береке» шағынауданында құрылыстың барлық кезеңінде 2,7 мың пәтерге арналған 30 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылды. Қазір 7 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Биыл осы шағынауданда көпбалалы отбасылар 120 пәтер алса, жетімдерге арналған тағы 120 пәтер беріледі», - деп жазды өңір басшысы.
Қазір облыс бойынша 50 алаңда құрылыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 11 алаңда осындай жұмыс басталады. Облыс орталығында барлығы 61 құрылыс алаңы болады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 нысанға көп. Қазірде 26 бюджеттік және 24 коммерциялық үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 11 үй пайдалануға беріледі. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғын үй құрылысына салынатын инвестицияны үш есеге арттыруға мүмкіндік бермек.