×

Алматы метросындағы ақша жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды

Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді

 Динара Амантай 26.06.2024 | 13:49
Фото: almaty.tv

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен оңтүстік астанадағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді.

Сот талқылауы барысында айыптау жағы сотталушылардың «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» ЖШС басшылары бола отырып, 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын салу барысында қаржылық алаяқтықпен, оның ішінде жабдықтың құнын арттырып (10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі ақшаны жалған фирмалар арқылы шығарғанын дәлелдеді.

Сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды (негізгі фигуранттар 7 жылдан 8 жылға дейін). Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам сомаға бұғатталған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама