Halyq Uni логотип
×

Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

2 тонна көлемдегі прекурсорлар тәркіленді

 Динара Амантай 26.06.2024 | 12:22
Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
Фото: Halyq Uni

Қала прокуратурасының үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы арнайы операция жүргізу барысында «Бозарық» шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған мекенжайды тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары анықталды.

Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі және 2 тонна көлемдегі прекурсорлар тәркіленді.

Аса iрi мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды бей-жай қалмауға және мұндай фактілер анықталған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама