×

Көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен мыңнан астам павлодарлық жауапқа тартылды

Бұл кезде апатқа ұшырау мүмкіндігі 4 есе артады

 Динара Амантай 26.06.2024 | 10:45
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында көлік жүргізіп бара жатып телефонмен сөйлескен мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында көлікте телефонмен сөйлескен 1 267 жүргізуші тоқтатылған. Рөлді басқару барысында бұл әрекет жолдан бөлек нәрсеге алаңдаушылық тудырады және реакция жылдамдығын, сондай-ақ жол жағдайын бақылау қабілетін айтарлықтай төмендетеді. Көлік жүргізу кезінде апатқа ұшырау мүмкіндігі 4 есе артады.

Мәселен Павлодарда Мәшһүр Жүсіп көшесінде полицейлер бір жүргізушіні тоқтатты. Ер адам өзінің кінәсін мойындап, шұғыл қоңырауға жауап беруге мәжбүр болғанын айтып түсіндірді. Оған рөлді басқару кезінде телефонмен сөйлескені үшін 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Павлодар облысының полиция департаменті облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қауіпсіздікті әрқашан назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама