Апат салдарынан 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қираған
Үкімет қаулысымен Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаражат табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады. БҚО әкімдігі Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс.
Қалпына келтіру жұмыстары келесі учаскелерде жүргізіледі:
Еске сала кетсек, елімізде болған алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазір оның 40%-дан астамы қалпына келтіріліп, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр.
Сондай-ақ бұған дейін Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге төтенше резервінен 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын қамтиды.
Зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу және инфрақұрылымның барлық түрін қалпына келтіру мәселелері Үкіметтің қатаң бақылауында.