Өнер иесі омыртқасының қисықтығына байланысты Оңтүстік Кореяда ота жасатқан.
Әнші Әлішер Каримов Асхат Садырбайға берген сұхбатында басынан өткен ауыр ота жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өнер иесі омыртқасының қисықтығына байланысты Оңтүстік Кореяда ота жасатқан.
«11 сағат омыртқама ота жасады. Бірнеше сағат бойы наркоздың астында жаттым. Жасатқаным дұрыс болды. Омыртқамның ауырғаны, қисықтығы кетті. Отаны Оңтүстік Кореяда жасаттым. Құны бір пәтердің бағасына шықты. Бұрын екі сағат концерт берсем, екі сағат бояндыратын бөлмедегі кереуетте жататын едім. Ал қазір бір күнде 3 концерт бере аламын. Омыртқам ауырмайды», - деді ол.