Ол мәжбүрлі еңбекке тартылды
Қарағанды облысы Осакаров ауданының прокуратурасы өткізген тексеру нәтижесінде кәмелетке толмаған балаға төрт жыл бойы алимент төлеуден жалтарған адамды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, салдарынан 3 миллион теңгеден астам қарыз жиналған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сот барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен борышкер, пробациялық бақылау белгілеп және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.