×

Қазақстан теннисшілері «Уимблдон» турнирін сәтті бастады

Спортшылар іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

 Дастан Жұмабекұлы 25.06.2024 | 16:33
Фото: Olympic,kz

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілдері Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады.

Михаил  Кукушкин алғашқы айналымда украиналық Виталий Сачконы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Оның  ендігі қарсыласы – франциялық Бенджамин Бонзи.

Денис Евсеев франциялық Маттео Мартинодан 6:7, 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Енді ол екінші айналымда Францияның тағы бір теннисшісі Титуан Дрогемен кездеседі. 

Бейбіт Жұқаев өзінің алғашқы «Уимблдон» додасындағы ойынында австриялық Юрий Родионовты жеңді. Ол келесі кезеңде сербиялық Хамад Медьедовичпен жолығады.

Тимофей Скатов итальян Андреа Пеллегриноны жеңіп, словакиялық Лукаш Клейнмен кездесетін болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама