×

ҰҚШҰ бітімгерлері Украинаға баруы мүмкін – Мемлекеттік дума депутаты

Әзірше жағдай сұранып тұрған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2022 | 18:17
фото: crimea.ria.ru

РФ Мемлекеттік Думасының Қорғаныс істері жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Қартаполов журналистерге берген сұхбатында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің қарулы күштері Ресей Федерациясының «Арнайы операциясы» кезінде Украинаның немесе Донбастың азат етілген аумақтарына бармайтынын, алайда қарулы қақтығыстар біткеннен кейін «түрлі варианттар болуы мүмкін» екенін атап өтті.

Олардың (ҰҚШҰ бітімгерлері, – ред.) қызметі, олардың ресурсы қажет болады. Бүгінгі таңда мен қажеттілікті көріп отырған жоқпын. Оған жағдай сұранып тұрған жоқ. «Арнайы әскери операция» жалғасып жатқанда ол жаққа бірде-бір бітімгер бармайды, - деді ол. 

Ол қақтығыстан кейінгі кезеңде түрлі варианттың болуы мүмкін екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді
06.06.2023 | 16:55

Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен баласы қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 жолаушы ауруханаға жатқызылды
06.06.2023 | 16:48

Әскери мектептегі әлімжеттік: Қорғаныс министрлігі түсінік берді (ВИДЕО)

Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
06.06.2023 | 16:35