Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс пен Бақдәулет Әкімжанов өз салмақтарында үздік үштіктен көрінді
Иорданияның Хашимит қаласында күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш қола жүлде алды.
Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс пен Бақдәулет Әкімжанов өз салмақтарында үздік үштіктен көрінді.
Балуандарды Азия чемпионатына аға жаттықтырушылар Дәулет Ниязбеков пен Расул Қалиев бастап апарды.
Грек-рим күресінің шеберлері Азия чемпионатын жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады.