×

Қазақстан, Қытай және Ресей бірыңғай цифрлық платформа құрмақ

Іскерлік кеңесте үшжақты келісімге қол қойылады

 Динара Амантай 25.06.2024 | 12:10
Фото: Halyq Uni

Қазақстан, Қытай және Ресей үш елді байланыстыратын бағдарда жүк тасымалын оңтайландыр мәселесінде маңызды қадам жасамақ, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл шілденің басына жоспарланған алдағы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі шеңберінде Қытай-Қазақстан-Ресей маршрутында Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) құру туралы келісімге қол қойылады.

БЦП кедендік рәсімдеу, электрондық сауда және басқа да функцияларды біріктіретін интеграцияланған жіксіз жүйеге айналады. Бұл логистиканы едәуір жеңілдетуге, электрондық сауданы дамытуға жәрдемдесуге, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, сауда кедергілерін азайтуға, жеткізу тізбектерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

БЦП құру туралы келісімді «KTZ Express» АҚ (Қазақстан), «Славтранс-Сервис» АҚ (Ресей) және Xi'an Free Trade Port (Қытай) құрған «CRK Терминал» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны әзірледі. Жобаны әзірлеуге және іске асыруға маршрутқа қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдары тартылатын болады.

«CRK Терминал» ЖШҚ бұл бастамаға Alibaba, Pindouoduo, JD және 1688.com.-ды қоса алғанда басқа да ірі маркетплейстерді тартуды жоспарлап отыр

БЦП іске қосу логистикалық процесті едәуір жеңілдетеді. Бұл жүк тасымалдауды оңтайландыруға ғана емес, сонымен қатар жобаға қатысушы елдерде бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді, – деді «KTZ Express» АҚ-ның бас директоры Дәмір Қожахметов.

Бірыңғай цифрлық платформа құру – Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы сауда және логистика саласында ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама