Көлік министрлігі пойыздардың Шымкент пен Алматыға жүретінін хабарлады
Астанадан еліміздің оңтүстік өңіріне қосымша пойыздар қатынайтын болады. Көлік министрлігі пойыздардың жаздың соңына дейін күн сайын №204/203 Астана-Шымкент және №202/201 Астана-Алматы бағыттары бойынша қатынайтынын хабарлады.
Осы ретте еліміздің көлік саласына жауапты министрлігі жол сапарларын алдын ала жоспарлауға және билеттерді алдын ала сатып алуға шақырады. Жол жүру билеттері болмаған жағдайда жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайтындағы немесе билет кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады, – делінген хабарламада.
Қосымша ақпаратты 1433 нөміріне хабарласып алуға болады.