Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының жарлығымен Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды
Оның орнына Ермек Сағымбаев келді.
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалсын, ол Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылсын, - делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.
Мәсімов ҰҚК басшылығына 2016 жылы келген болатын.
ЕРМЕК САҒЫМБАЕВ
Туған күні: 11.10.1967 жыл
Туған жері: Қазақ КСР, Алматы облысы
Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары: үйленген, үш баласы бар
Тіл білімі: қазақ, орыс, ағылшын
Білімі:
- Қазақ политехникалық институты «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы (1989 жыл);
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін«Заңтану» мамандығы (2007 жыл).
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- ІІІ, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»;
- ІІІ, II дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін»;
- 8 мерейтойлық медальдары;
- Қазақстан Президентінің Алғысы және оған «Алтын барыс» төсбелгісі;
- Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері және «Елбасы қорғаны» төсбелгісінің иегері.
Әскери қызметі, әскери және арнайы атақтары, сыныптық шендері: генерал-майор (2020 жыл)
Мансабы:
1985-1987 жж. – КСРО Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызмет;
1994-2006 жж. – ұлттық қауіпсіздік органдарындағы офицерлік лауазымдардағы қызмет;
2006-2019 жж. – Президенттің Күзет қызметінде офицерлік және басшылық лауазымдардағы қызмет;
2019-2021 жж. – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент Күзет қызметінің бастығы;
2021 жылғы шілдеден бастап – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы;
2021 жылғы тамыздан 2022 жылғы қаңтарға дейін – Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
2022 жылғы 6 қаңтардан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.