Алматыда суда демалуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар аталды
Қалада 44 су айдыны бар
Алматы қаласында және тау бөктеріндегі аудандарда барлығы 44 су айдыны (өзендер, көлдер, каналдар, тоғандар) бар, олардың
9-ы шомылу маусымы кезінде халыққа қауіп төндіреді.
Атап айтқанда:
1. Үлкен Алматы өзені, Шаңырақ ш/а, Алатау ауданы;
2. Үлкен Алматы өзені, Дархан ш/а, Алатау ауданы;
3. Үлкен Алматы өзені, (Әл-Фараби-Науаи) Бостандық ауданы;
4. Первомайский тоғандары,Кемел ш/а, Жетісі ауданы;
5. Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрылыс) Медеу ауданы;
6. Юнатское көлі, Медеу ауданы;
7. Ақсай өзені, Наурызбай ауданы;
8. Аэропортское өзені, Түрксіб ауданы;
9. Қарасу өзен сағасы (Шестуха), Түрксіб ауданы.
Осы қауіпті су айдындарының учаскелерінде «Шомылуға тыйым салынады!» деген 33 белгі және соңғы 5 жылда суға батқандар туралы статистикалық деректері көрсетілген 7 ақпараттық стенд орнатылған.
Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 3/447 «Алматы қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысымен суда жаппай демалуға арналған 4 орын анықталды. Бұл - «Сайран» көлінің батыс және шығыс бөліктері, сондай-ақ «Гүлдер» демалыс аймағы және «Баума» тоғайы Дінмұхаммед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойындағы жағажай аймағы.
Қазір Сайран көлінде іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр Оның аяқталуы 2024 жылдың желтоқсанында жоспарланған.
Дінмұхаммед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын гидротехникалық құрылыстармен күрделі жөндеуге байланысты биыл Үлкен Алматы каналын сумен толтыру жоспарланбайды