Балаға шұғыл медициналық көмек көрсетілді
Екібастұз қаласында 2 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезінен құлап, аман қалды, деп хабарлады Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Өткен демалыс күндері 103 желісіне 822 (сенбіде – 787, жексенбіде – 850) қоңырау шалынған.
Жексенбіде кешкі сағат 21:00-де Екібастұздағы көпқабатты үйлердің бірінде бала терезеден құлады. Бізге қоңырау түсті. 5 минуттан кейін дәрігерлер оқиға орнында болды. 2 жасар бала екінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлаған. Мамандар қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бала қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді жедел жәрдем қызметі басшысының орынбасары Ирина Мищенко.