Halyq Uni логотип
×

«Қауіп сақталады». Қазақстанда шегірткеге қарсы күрес қалай жүргізіліп жатыр?

Бүгінде Үкімет зиянкесті жою үшін қомақты қаржы бөлген

 Дәурен Ерболат 24.06.2024 | 16:36
«Қауіп сақталады». Қазақстанда шегірткеге қарсы күрес қалай жүргізіліп жатыр?
Фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елімізде шегірткеге қарсы күрес қалай жүргізіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін шегірткеден айтарлықтай шығын келмеген. 

Бүгінде шегірткеден шығын келген жоқ. Оңтүстік өңірге (шегіртке) таралды. Жалпы жағдайды, бау-бақшаны да көрдік. Алайда біз шегірткелерді уақытында залалсыздандырып үлгердік. Шаруаларға жеңілдетілген несиені 5%-бен беруге дайын екенімізді де айттық, - деді Айдарбек Сапаров Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң.

Сондай-ақ министр биыл шегірткеге қарсы күреске мемлекеттен қомақты қаржы бөлінгенін жеткізді.

Бекітілген бюджетте 4,2 млрд теңге болды. Премьер-министрге рақмет айтамыз. Себебі ол бізге қосымша тағы 3,9 млрд теңге бөлді. Сондықтан бүгінде қаражат пен (шегірткеге қарсы) препарат жеткілікті. (Шегірткеге қарсы күреске) 427 техника, 36 ұшақ, 30-ға жуық дельтаплан бар. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринмен бірге өңірлерді араладық. (Залалсыздандыру жұмысы) кешкі сағат 7-ден басталады. Бұл жұмыс өте ауыр. Ол күндіз істелмейді, себебі эффект болмайды. Жалпы (шегіртке) бір ауылға кіріп кетті, айтарлықтай шығын келді деген дерек болған жоқ. Біз бекітілген жоспар бойынша уақытында жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.

Осы орайда Айдарбек Сапаров шекаралас аумақта шегірткенің таралу қаупі барын жеткізді.

Шекара жақтан туындаған мәселе бар. Жалпы Қазақстанның ішін (шегірткеден) тазартып жатырмыз. Өзбекстан жағынан қауіп болған. Ол жақтағы министрмен өзім сөйлестім. Шекара маңына техниканы орналастырдық. Алайда 2 жерде (шегіртке) таралды, мәселені шештік. 

Ақтөбе облысына тоқталайын. Премьер-министр Олжас Бектенов мені сол жаққа жіберді. Мен РФ вице-премьері Дмитрий Патрушев, РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лутқа хат жазып, телефон арқылы сөйлестім. Оренбург облысынан біз жаққа (шегірткелер) таралды. Себебі онда авиация жұмыс істемеді. Мен шекара жаққа бардым. Олармен (ресейлік тараппен) кездесіп, бәрін түсіндірдім. Сондықтан олар техниканы күшейтті. 3-4 күнде жұмысқа қатты кірісті. Менің ойымша, сол жақты бақылауда ұстау қажет», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама