Есмигүл Куюлова Олимпиада жолдамасын иеленді
Дзюдо балуандары кілемге 26 шілде мен 3 тамыз аралығында шығады
Бұған дейін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензияны жеңіп алған Қазақстан құрамасының дзюдошысы 63 келі салмақтағы Есмигүл Куюлова жекелей сында күресетін болады. Мұндай шешімді халықаралық дзюдо федерациясы қабылдады.
Есмигүл Куюлова аты аталған ұйымның қосымша жолдамасына ие болады.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, ел құрамасынан жекелей сын бойынша 9 дзюдошы жарысқа қатысады. Осыған дейін Есмигүл Куюлова аралас командалық жарыста қатысатын болған.
Ерлерден Олимпиадада Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы белдеседі. Атап айтқанда, Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг) белдеседі. Ал әйелдер құрамасынан Абиба Әбужақынова (-48 кг), Есмигүл Куюлова (63 кг), Кәмила Берліқаш (+78 кг) татамиге шығады.
Олимпиялық ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Соның ішінде дзюдо бәсекесі Ойындар салтанатты түрде ашылған күні басталса, 3 тамызда финалдық жекпе-жектері болады.