Олар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
Мемлекеттік кірістер комитетінде жаңа тіркелген салық төлеушілері бойынша қосымша оқыту іс-шаралары жүргізіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, ведомствода жаңа сервистер пайда болады. Алыс өңірлердегі немесе қиын жағдайға түскен салық төлеушілерге қызмет көрсететін сервистік топтардың функциясы іске қосылады. Олар әр өңірде құрылатын болады. Бұл топтар кеңес беру құқығына ие. Осы функциялар жаңа Кодексте көрсетілген. Сервистік топтар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тағы бір өзгешелік – пилоттық жобаларға қатысты өзгерістер. МКК пилоттары бойынша барлық процесс регламенттеледі. Пилоттық жобаның мақсаты – бірнеше негізділік түрінде іске асырылуы. Бұл ашықтық негізділігі, пилоттық жобаларды орындау мүмкіндігі, пропорционалдылық және ұтымдылық процестері болуы керек. Осы шарттар орындалатын болса ғана жобалар іске асады. Пилоттық жоба іске асырылғаннан кейін қорытынды сараптама-талқылау жұмыстары жүргізіліп, ол БАҚ көздері арқылы жариялануға тиіс. Содан кейін пилоттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданады.
МКК бір сәтте неше пилоттық жобаны іске асыруы керек, ол да осы регламентке қосылған. Сондықтан қазір пилоттық жобалардың жиі енгізіліп жататындығына, осының салдарынан кәсіпкерлерге ауыртпалық түсетініне шағымдар көп. Сондықтан бұл процесті регламент түрінде бекітетін боламыз. Сондай-ақ жаңа өзгерістердің бірі – ескертулер мен хабарламалар. Ескертулер 20 АЕК-ке дейін берешек пайда болған жағдайда жіберіледі. Ал хабарлама ақпараттық-профилактикалық және міндетті түрде орындалатын хабарламалар болып бөлінеді, – деді вице-министр.