×

Президент Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын тағайындады

Серік Борамбаев қорғаныс саласында жоғары лауазымды қызмет атқарды

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2024 | 13:05
Фото: dknews.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Серік Борамбаев ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Серік Жақсығалиұлы Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесі, Әскери университет жанындағы адъюнктурасы мен Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарында оқыған.

Серік Борамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әртүрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Мансұрұлы Бекжанов ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама