Қазақстанның консулы осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласқан
Сыртқы істер министрлігі Грекиядағы өртке Қазақстан азаматтарының қатысы барын жоққа шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полиция мәліметінше, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған, – деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Грекиядағы Гидра аралында шыққан өртке қазақстандықтардың қатысы бары хабарланған еді.