Halyq Uni логотип
×

Путинцева WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Финалда теннисші Аустралияның өкілі Айла Томляновичті 6:1, 7:6 (8) есебімен жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2024 | 10:10
Путинцева WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда теннисші дүниежүзілік рейтингте 190-орында тұрған Аустралияның өкілі Айла Томляновичті 6:1, 7:6 (8) есебімен жеңді.

Бірінші партияда Путинцева 3 брейк жасап, партияны 6:1 есебімен аяқтады. Екінші партияда да ол 2:0 есебімен алға шыққанмен, қарсыласы дес бермеді. Енді Айла Томлянович 5:3 есебімен алға шықты.  

Дегенмен Юлия Путинцева таразы басын теңестіріп, тай-брейкте 7:6 (10:8) есебімен басым түсті.

Осылайша, Путинцева алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA турнирінде топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.

Путинцева енді Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама