Бұған дейін рейсте 175 жолаушы болған еді
Украинада қалған қазақстандықтар репатриациялық рейстермен елге жеткізіледі.
Қазақстан Үкіметінің жаңа қаулысына сәйкес, «Эйр Астана» акционерлік қоғамы репатриациялық рейстерді орындау бойынша қызмет көрсетуші болып бекітілген.
Үкіметтің құжаты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды.
Құжаттағы мәліметке қарағанда, Украианда қалған қазақстандықтар Польшаның Катовице қаласы арқылы эвакуацияланатын болады. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Бұған дейін 28 ақпанда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға ұшып келген еді. Бортта 175 жолаушы, оның ішінде 169 ересек, 6 сәби болған. Ал соңғы, жетінші репатрациялық рейс 28 наурызда Алматыға ұшып келген болатын. Ұшаққа 53 жолаушы мінген еді.