Halyq Uni логотип
×

Президент Владимир Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді

 Динара Амантай 24.06.2024 | 09:00
Президент Владимир Путинге көңіл айтты
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды. Сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Айта кетсек, кеше кешке Дағыстанда екі теракт жасалды. Қылмыскерлер бір уақытта Махачкала мен Дербентке шабуыл жасады. Лаңкестер екі православ шіркеуін, синагога мен жол полициясы бекетін жаулап алған. 

Қала басшысы Сергей Меликовтың айтуынша, 6 лаңкестің көзі жойылған.

Қолына қару алып, Дағыстанның тыныштығын қорғаған 15-тен астам полиция қызметкері бүгінгі террористік әрекеттің құрбаны болды, – деді Меликов.

Сондай-ақ бірнеше бейбіт тұрғын да лаңкестік салдарынан қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама